Қызметтер

• Зияткерлік меншік объектілерінің құнын, материалдық емес активтердің құнын бағалау
• Машиналардың, жабдықтың және көлік құралдардың құнын бағалау
• Жылжымайтын мүліктің құнын бағалау
• Кәсіпорынның мүліктік кешен (бизнес) ретіндегі құнын бағалау
• Зияткерлік меншік объектілерінің құнын, материалдық емес активтердің құнын бағалау

Зияткерлік меншік объектілерінің құнын, материалдық емес активтердің құнын бағалауға негізгі үш топтың объектілерін жатқызады:
• өнеркәсіптік меншік — өнертабыстарға патенттер, селекциялық жетістіктерге патенттер, өнеркәсіптік үлгілерге патенттер, тауар белгілеріне куәліктер;
• авторлық құқықтардың және сабақтас құқықтардың объектілері (ғылым, әдебиет, музыка, көркем сурет және басқа да өнер түрлерінің туындылары, ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар, деректер базалары және микросұлбалардың топологиялары);
• коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат (табыс немесе өзге пайда әкелуі мүмкін техникалық, қаржылық және әкімшілік-басқарушылық сипаттағы білім);
• ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстардың нәтижелері, патенттермен қорғалмайтын жобалық, конструкторлық және технологиялық құжаттама.

Машиналардың, жабдықтың және көлік құралдардың құнын бағалау

«Риал Истейт» ЖШС-інде машиналардың, жабдықтың, көлік құралдарының алуан түрлерін — отанымызда және шетелдерде жасалған автокөліктен бастап, ұшақтарға және кемелерге дейін бағалаудың зор практикалық тәжірибесі жинақталған.
Телефон арқылы қоңырау шалыңыз, сұрау салуыңызды электрондық пошта немесе факс бойынша жіберіңіз.
1. Алдыңызда тұрған міндеттің мәнісін баяндаңыз да, бағалаушының сізге ыңғайлы болатын келу уақыты туралы келісіңіз.
2. Бағалаушының келетін уақытына қажетті ақпаратты дайындаңыз (бағалау қызметтерінің құнын және орындау мерзімін болжамды есептеу үшін бұл ақпаратты біздің электрондық мекенжайымызға алдын ала салып жіберсеңіз болады), төмендегі «Тізбені» қараңыз.
3. Бағалау объектісі туралы толық ақпарат қызмет көрсету туралы шартқа қол қою және біздің қызметтеріміздің түпкілікті құнын айқындау кезінде қажет етіледі.
Жұмыстарды орындау тәртібі: шарт жасасу, бағалау объектісін зерттеу үшін бағалаушылардың жолға шығуы, бағалау жұмыстарын орындау, есепті ресімдеу, бағалау туралы есепті тапсырыскерге табыстау. Шартты орындау барысында қосымша келісімдер жасасу арқылы бағаланатын мүліктің тізімі толықтырылуы мүмкін.
Жабдықты бағалау үшін құжаттар мен ақпараттың қысқаша тізбесі: жабдықтың, көліктің, арнайы техниканың және т.с. әр бірлігіне техникалық төлқұжат (толық тізбе тапсырыскерге оның сұрау салуы бойыша электрондық поштамен жіберіледі).

Жылжымайтын мүліктің құнын бағалау

«Риал Истейт» ЖШС әр түрлі тұрпатты жылжымайтын мүлік объектілерінің нарықтық, инвестициялық және өзге де құнын бағалауды жүзеге асырады: тұрғын (пәтерлер, жеке үйлер), коммерциялық (офистік үй-жайлар, қонақ үй, сауда және қойма алаңдары), өнеркәсіптік (зауыт және фабрика ғимараттары, құрылыстар және табыстау құрылғылары), жер телімдері және т.с. Бағалау мүлікті сату, сатып алу, жалға беру, кепілге салып несие алу, сақтандыру, бөлу, жарғылық капиталға салу және т.б. мақсаттарда жүзеге асырылады.
Жылжымайтын мүлік объектісін бағалау кезінде Компанияның бағалаушылары мынадай негізгі талаптарды ұстанады:
1. Жер телімін және онда жасалған жақсартуларды, олармен байланысты мүліктік құқықтарды дұрыс сәйкестендіру, бағалаудың мақсатын және оның нәтижелерінің болжамды пайдаланылуын ескеру, деректерді іздеу және жинау ауқымын айқындау, егер бар боса, кез келген шектеуші жағдайларды айқындау және бағалаудың тиімді күнін белгілеу.
2. Анықталатын құнның түрін анықтау.
3. Егер бар болса, бағалау объектісіне меншік құқықтарына барлық мүмкін заңдық шектеулерді қарастыру.
4. Бағаланатын объектінің құнына онымен байланысты кез келген басқа объектінің, мысалы, жылжитын мүліктің, материалдық емес активтердің немесе зияткерлік меншіктің әсерін айқындау және ескеру.

Телефон арқылы қоңырау шалыңыз, сұрау салуыңызды электрондық пошта немесе факс бойынша жіберіңіз.
1. Алдыңызда тұрған міндеттің мәнісін баяндаңыз да, бағалаушының сізге ыңғайлы болатын келу уақыты туралы келісіңіз.
2. Бағалаушының келетін уақытына қажетті ақпаратты дайындаңыз (бағалау қызметтерінің құнын және орындау мерзімін болжамды есептеу үшін бұл ақпаратты біздің электрондық мекенжайымызға алдын ала салып жіберсеңіз болады), төмендегі «Тізбені» қараңыз.
3. Бағалау объектісі туралы толық ақпарат қызмет көрсету туралы шартқа қол қою және біздің қызметтеріміздің түпкілікті құнын айқындау кезінде қажет етіледі.

Жұмыстарды орындау тәртібі:

шарт жасасу, бағалау объектісін зерттеу үшін бағалаушылардың жолға шығуы, бағалау жұмыстарын орындау, есепті ресімдеу, бағалау туралы есепті тапсырыскерге табыстау. Шартты орындау барысында қосымша келісімдер жасасу арқылы бағаланатын мүліктің тізімі толықтырылуы мүмкін.
Кәсіпорынды мүліктік кешен (бизнес) ретінде бағалау үшін құжаттар мен ақпараттың қысқаша тізбесі (толық тізбе тапсырыскерге оның сұрау салуы бойыша электрондық поштамен жіберіледі):
1. ҚР ӘМ ТҚК Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығының Техникалық төлқұжаты, ғимараттар мен құрылыстарға үй-жайлардың қабат-қабат бойынша жоспарларымен экспликациясымен бірге.
2. Жер теліміне меншік/пайдалану құқығына акт, жерді жалдау туралы шарт.
3. Құрылыстар мен табыстау құрылғыларына – тізбе тапсырыскерге электрондық түрде немесе факспен жіберіледі.
4. Ғимаратты және жер телімін пайдаланудағы шектеулерге немесе ауыртпалықтарға құжаттар, егер ондайы бар болса.
5. Егер бар болса, мамандандырылған ұйымдар жүргізетін құрылыс конструкцияларын, инженерлік жүйелерді тексеру материалдары.
6. Объектілердің физикалық жағдайы – бағалаушының сұрау салуы бойынша.
7. Баланстық қалдық құн туралы бухгалтерлік анықтама, іске пайдалануға берілген күні, түгендеу нөмірі – заңды тұлғалар үшін.
Бағалау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін бағалаушының бағалау объектісіне кіруге рұқсаты, ғимараттың құндылығын – әрлеудің, корпустық инженерлік жүйелердің және жабдықтың сапасын анықтау үшін ғана объектіні қарап шығу және фотосуретке түсіруге мүмкіндігі болуы қажет.

Кәсіпорынның мүліктік кешен (бизнес) ретіндегі құнын бағалау
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі.

119-бап. Кәсiпорын
1. Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын мүлiктiк кешен құқық объектiсi түрiндегi кәсiпорын деп танылады. Кәсіпорын тұтасымен мүліктік кешен ретінде жылжымайтын мүлік болып танылады.
2. Мүлiктiк кешен ретiнде кәсiпорынның құрамына оның қызмет етуiне арналған мүлiктiң барлық түрлерi, соның iшiнде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикiзат, өнiмдер, жер учаскесiне құқық, талап ету құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлерге құқықтар (фирмалық атау, тауар белгiлерi) және, егер заінамалық актілерде немесе шартта өзгеше көзделмесе, басқа да айрықша құқықтар енедi.
3. Кәсiпорын тұтасымен немесе оның бiр бөлiгi сатып алу-сату, кепiлге, арендаға беру және заттық құқықтарды белгiлеуге, өзгертуге және тоқтатуға байланысты басқа да мәмiлелер объектiсi болуы мүмкiн.

«Риал Истейт» ЖШС мына төмендегілердің нарықтық немесе өзге құнын бағалауды жүргізеді:
тұтасымен шаруашылық кәсіпорынның (бизнестің), оның жеке бөлімшелерінің, еншілес кәсіпорындарының, кәсіпорынның капиталындағы жеке меншік иелерінің (акционерлердің, пайшылардың) үлестерінің, кәсіпорын айналысқа шығарған бағалы қағаздар пакеттерінің және т.с.
Бизнесті бағалауға мыналар кіреді:
• кәсіпорынның ағымдық қызметін және даму келешегін қаржылық талдау;
• оның мүлкі мен активтерінің бүгінгі нарықтық құнын бағалау;
• дисконтталған ақша ағындары моделінің негізінде кәсіпорынның құнын есептеу.
Тәуелсіз бағалаушының қызметтері кез келген тапсырыскерге мынадай жағдайларда қажет болуы мүмкін:
• кәсіпорынның құрылымын қайта қарау;
• бағалы қағаздар шығару;
• салық салу;
• мүлікті кепілге салып несиелендіру;
• жарғылық капиталға салу;
• мүлікті сақтандыру;
• мүлікті сатып алу-сату;
• кез келген меншік нысанындағы кәсіпорынды қайты ұйымдастыру (бірігу, қосылу, бөліну, бөлініп шығу, қайта құру, т.б.);
• кәсіпорынды тарату;
• өзге міндет қойылғанда.
Телефон арқылы қоңырау шалыңыз, сұрау салуыңызды электрондық пошта немесе факс бойынша жіберіңіз.
1. Алдыңызда тұрған міндеттің мәнісін баяндаңыз да, бағалаушының сізге ыңғайлы болатын келу уақыты туралы келісіңіз.
2. Бағалаушының келетін уақытына қажетті ақпаратты дайындаңыз (бағалау қызметтерінің құнын және орындау мерзімін болжамды есептеу үшін бұл ақпаратты біздің электрондық мекенжайымызға алдын ала салып жіберсеңіз болады), төмендегі «Тізбені» қараңыз.
3. Бағалау объектісі туралы толық ақпарат қызмет көрсету туралы шартқа қол қою және біздің қызметтеріміздің түпкілікті құнын айқындау кезінде қажет етіледі.

Жұмыстарды орындау тәртібі: шарт жасасу, бағалау объектісін зерттеу үшін бағалаушылардың жолға шығуы, бағалау жұмыстарын орындау, егер бұл шарт бойынша талап етілсе, тапсырыскерге бағалаудың алдын ала нәтижелерін келістіру үшін ұсыну, келістіруден кейін есепті ресімдеу, бағалау туралы есепті тапсырыскерге табыстау. Шартты орындау барысында қосымша келісімдер жасасу арқылы бағаланатын мүліктің тізімі толықтырылуы мүмкін.
Кәсіпорынды мүліктік кешен (бизнес) ретінде бағалау үшін ақпараттың қысқаша тізбесі. Толық тізбе тапсырыскерге электрондық поштамен жіберіледі.

Құқықтық талдау

• Жарғы;
• Құрылтай шарты;
• Акциялар иелерінің тізілімінен үзінді көшірме (АҚ үшін);
• Тіркеу туралы куәлік;
• Статистикалық карточка;
• Салық төлеушінің куәлігі;
• Жер пайдалану құқығына акт;
• Жер телімін жалдау туралы шарт;
• Кәсіпорында бар лицензиялар;
• Жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар;
• Өнімді бөлу туралы келісімдер және т.с.
Бухгалтерлік есеп-қисап және экономикалық талдау
• Бағалау жүргізілетін күнге бухгалтерлік баланс (1,2,3 Пішіндер), түсіндірме жазбахат;
• Соңғы 3-5 жыл үшін аудиторлық есептер (1,2,3 Пішіндер), түсіндірме жазбахат.

Бағалау жүргізілетін күнгі жағдайы бойынша кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің ұғындырмасы
• Материалдық емес активтерінің ұғындырмасы;
• Аяқталмаған құрылыстың ұғындырмасы;
• НҚ және басқа да ұзақ мерзімді активтерінің ұғындырмасы;
• Ұзақ мерзімді дебиторлық берешегінің ұғындырмасы (атауы, пайда болған күні, келісімдер мен шарттар бойынша өтеу күні, егер дебиторлық берешекті өндіріп алу бойынша сот істері бар болса – соттардың шешімдері).

Бағалау жүргізілетін күнгі жағдайы бойынша кәсіпорынның ағымдық активтерінің ұғындырмасы
• ТМҚ ұғындырмасы (толық, сақтау мерзімдері көрсетілген);
• Дебиторлық берешектің ұғындырмасы (атауы, пайда болған күні, келісімдер мен шарттар бойынша алу күні, дебиторлық берешек бойынша сот істері бар ма);

Бағалау жүргізілетін күнгі жағдайы бойынша кәсіпорынның пассивтерінің ұғындырмасы
Несиелік берешегінің ұғындырмасы – соның ішінде салықтарды және басқа да несиелік берешекті қоса алғанда, және т.б.

Қосымша ақпарат
• Жұмыстың қорытындысы бойынша (3-5 жыл) шығынның элементтері бойынша өнімнің өзіндік құнының ұғындырмасы;
• Келесі жылға арналған индикативтік даму жоспары (бизнес-жоспар);
• Көрсетілетін қызметтердің тізбесі, олардың 3-5 жыл үшін заттай және ақшалай түрдегі құны және нақты көлемі көрсетілуге тиіс;
• Негізгі тауарларды/ қызметтерді тұтынушылар / тапсырыскерлер, бағалау жүргізілетін күндегі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді бағалау туралы шарттар көрсетілуге тиіс;
• Кәсіпорын қызметінің нарығының қысқаша сипаттамасы (бәсекелестері, қызметтерінің көлемдері, даму келешегі);
• Өндірістік қуаттылық жүктемесінің пайызы.

Техникалық және технологиялық талдау
• Негізгі құралдарының тізбесі (шоттар бойынша бөліп дәл сәйкестендіру, бастапқы құны, тозуы, қалдық құны);
• Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтың Түгендеме ісі. Аумақтық жоспардағы барлық жылжымайтын мүлік объектілерін көрсету және әр жылжымайтын мүлік объектісінің негізгі сипаттамаларын ұсыну керек (1-қосымша);
• Желістердің бар болуы (электрмен қамтамасыз ету, телекоммуникациялар, құбырлар, келетін жолдар (т/ж және автомобиль жолдары)) (2-қосымша);
• Өндірістік жабдықтың құрылымы (3-қосымша);
• Автокөлік құралдары мен арнайы техниканың құрылымы, төлқұжат деректерін көрсету керек (4-қосымша);
• Офистік техника (5-қосымша);
• Басқа да мүлік (6-қосымша).

Инвестициялардың ұғындырмасы (еншілес кәсіпорындары бойынша 7-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесін ұсыну қажет);
Бүкіл құжаттама кәсіпорынның мөрімен куәландырылуға және оған жауапты тұлғаның қолы қойылуға тиіс. Барлық тізбелер мен ұғындырмалар электрондық түрде Word, Excel пішінінде қосымша ұсынылуға тиіс.
Құпиялыққа кепілдік беріледі.