Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі.

 

119-бап. Кәсiпорын

1. Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын мүлiктiк кешен құқық объектiсi түрiндегi кәсiпорын деп танылады. Кәсіпорын тұтасымен мүліктік кешен ретінде жылжымайтын мүлік болып танылады.
2. Мүлiктiк кешен ретiнде кәсiпорынның құрамына оның қызмет етуiне арналған мүлiктiң барлық түрлерi, соның iшiнде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикiзат, өнiмдер, жер учаскесiне құқық, талап ету құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлерге құқықтар (фирмалық атау, тауар белгiлерi) және, егер заінамалық актілерде немесе шартта өзгеше көзделмесе, басқа да айрықша құқықтар енедi.
3. Кәсiпорын тұтасымен немесе оның бiр бөлiгi сатып алу-сату, кепiлге, арендаға беру және заттық құқықтарды белгiлеуге, өзгертуге және тоқтатуға байланысты басқа да мәмiлелер объектiсi болуы мүмкiн.

 

 

«Риал Истейт» ЖШС мына төмендегілердің нарықтық немесе өзге құнын бағалауды жүргізеді:
тұтасымен шаруашылық кәсіпорынның (бизнестің), оның жеке бөлімшелерінің, еншілес кәсіпорындарының, кәсіпорынның капиталындағы жеке меншік иелерінің (акционерлердің, пайшылардың) үлестерінің, кәсіпорын айналысқа шығарған бағалы қағаздар пакеттерінің және т.с.
Бизнесті бағалауға мыналар кіреді:

  • кәсіпорынның ағымдық қызметін және даму келешегін қаржылық талдау;
  • оның мүлкі мен активтерінің бүгінгі нарықтық құнын бағалау;
  • дисконтталған ақша ағындары моделінің негізінде кәсіпорынның құнын есептеу.

Тәуелсіз бағалаушының қызметтері кез келген тапсырыскерге мынадай жағдайларда қажет болуы мүмкін:

  • кәсіпорынның құрылымын қайта қарау;
  • бағалы қағаздар шығару;
  • салық салу;
  • мүлікті кепілге салып несиелендіру;
  • жарғылық капиталға салу;
  • мүлікті сақтандыру;
  • мүлікті сатып алу-сату;
  • кез келген меншік нысанындағы кәсіпорынды қайты ұйымдастыру (бірігу, қосылу, бөліну, бөлініп шығу, қайта құру, т.б.);
  • кәсіпорынды тарату;
  • өзге міндет қойылғанда.

Телефон арқылы қоңырау шалыңыз, сұрау салуыңызды электрондық пошта немесе факс бойынша жіберіңіз.
1. Алдыңызда тұрған міндеттің мәнісін баяндаңыз да, бағалаушының сізге ыңғайлы болатын келу уақыты туралы келісіңіз.
2. Бағалаушының келетін уақытына қажетті ақпаратты дайындаңыз (бағалау қызметтерінің құнын және орындау мерзімін болжамды есептеу үшін бұл ақпаратты біздің электрондық мекенжайымызға алдын ала салып жіберсеңіз болады), төмендегі «Тізбені» қараңыз.
3. Бағалау объектісі туралы толық ақпарат қызмет көрсету туралы шартқа қол қою және біздің қызметтеріміздің түпкілікті құнын айқындау кезінде қажет етіледі.
Жұмыстарды орындау тәртібі: шарт жасасу, бағалау объектісін зерттеу үшін бағалаушылардың жолға шығуы, бағалау жұмыстарын орындау, егер бұл шарт бойынша талап етілсе, тапсырыскерге бағалаудың алдын ала нәтижелерін келістіру үшін ұсыну, келістіруден кейін есепті ресімдеу, бағалау туралы есепті тапсырыскерге табыстау. Шартты орындау барысында қосымша келісімдер жасасу арқылы бағаланатын мүліктің тізімі толықтырылуы мүмкін.
Кәсіпорынды мүліктік кешен (бизнес) ретінде бағалау үшін ақпараттың қысқаша тізбесі. Толық тізбе тапсырыскерге электрондық поштамен жіберіледі.