«Риал Истейт» ЖШС  сапа менеджменті жүйесі бойынша сертификатталған және ҚР ИСО 9001-2009 СТ талаптарына сай келеді.

ҚР заңнамасы бойынша «Риал Истейт» ЖШС-нің бағалау қызметі сақтандырылған.

«Риал Истейт» ЖШС және бағалаушы-қызметкерлер Қазақстанның Кәсіпқой Бағалаушылары Палатасының мүшелері болып табылады.

«Риал Истейт» компаниясын 1994 жылдан бастап бағалау саласында практикалық қызметті жүзеге асырып келе жатқан жетекші сарапшылар мына төмендегі бағалау объектілеріне қатысты нарықтық немесе өзге құнды анықтау бойынша бағалау қызметін жүзеге асыру мақсатында Алматыда 1998 жылы құрды, бұл:

  • жылжымайтын мүлік
  • машиналар мен жабдық, көлік құралдары
  • бизнес,  кәсіпорындардың акциялары, облигациялар, қатысу үлестері
  • материалдық емес активтер, зияткерлік меншік
  • инвестициялық жобалар
  • инвестициялық міндеттемелерді бағалау және орындалуын талдау.

Бағалау жұмыстарын жүргізу үшін Компания 2002 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті берген мүлікті бағалау бойынша қызметпен айналысуға Бас мемлекеттік лицензияны алды.

Компания Қазақстанның барлық аймақтарында жобаларды іске асырып отыр, оның кәсіби тәжірибесі және құнды талдаудың ақпараттық базасы бар.

Кәсіби қызметті жүзеге асырып отырған уақыттың ішінде біз Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, сондай-ақ Ресейде, Түркияда және ТМД-ның басқа елдерінде  өнеркәсіптің алуан түрлі салаларында жобаларды орындадық. Біздің активімізде ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың, өндіру саласының, түсті металлургия, мұнай өндіру, мұнай өнімдерін өңдеу және іске асыру, машина жасау, тамақ өнеркәсібі, энергетика, сондай-ақ телекоммуникациялық сала, құрылыс, сауда, қызмет көрсету саласының және басқа да салалардың мүлкі мен бизнесін бағалау бар.

Біз Халықаралық Бағалау Стандарттарына, Еуропалық Бағалау Стандарттарына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шетелдік инвесторларға арнап Бағалау туралы есептерді дайындаймыз, біздің халықаралық бағалау практикамыз бар, халықаралық аудиторлық және консалтингтік компаниялармен тығыз өзара ықпалдастық жасаймыз.

Кепіл объектілерін бағалау және инвестициялық несиелеу мәселелерінде Сбербанк России, Қазақстан Халық Банкінің, Қазақстанның Даму Банкінің, Еуразиялық Банктің, Таиб Банктің,  Мастер Банктің,  HSBC банктің клиенттері біздің қызметтерімізді пайдаланады.

«Риал Истейт» ЖШС бағалау жұмыстарын жүргізу үшін Agip Kazakhstan North Caspian Operating Company NV компаниясында аккредитациядан және қоса біліктілік алудан өтті.

«Риал Истейт» ЖШС-нің Ресейдің бағалау қоғамымен; Ресейдің бағалаушылар алқасымен; КО-Инвест, Kwinto-Consulting ЖШҚ, Сертификаттау және зияткерлік меншік пен бизнесті бағалау институтымен, ҚР үкіметінің жанындағы Қаржы Академиясымен – Мәскеу қаласы; Белоруссияның бағалаушылар қоғамымен – Минск қаласы; Қалалық жер пайдалануды ұйымдастыру және экономика орталығымен – Киев қаласы; Берлин-Прага Еуропалық Бизнес Академиясымен – Прага қаласы; Бағалау және сараптама орталығымен – Бішкек қаласы және т.б. бағалау саласындағы практикалық мәселелер бойынша серіктестік қарым-қатынас жасайды және ынтымақтастықты жүзеге асырады.