Тапсырыскер Меншік иесі болып табылмайтын жағдайда, Меншік иесінің бағалау жүргізуге жазбаша келісімі қажет.

 Құқықтық талдау

  • Жарғы;
  • Құрылтай шарты;
  • Акциялар иелерінің тізілімінен үзінді көшірме (АҚ үшін);
  • Тіркеу туралы куәлік;
  • Статистикалық карточка;
  • Салық төлеушінің куәлігі;
  • Жер пайдалану құқығына акт;
  • Жер телімін жалдау туралы шарт;
  • Кәсіпорында бар лицензиялар;
  • Жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар;
  • Өнімді бөлу туралы келісімдер және т.с.

Бухгалтерлік есеп-қисап және экономикалық талдау

  • Бағалау жүргізілетін күнге бухгалтерлік баланс (1,2,3 Пішіндер), түсіндірме жазбахат;
  • Соңғы 5 жыл үшін аудиторлық есептер (толық).

Бағалау жүргізілетін күнгі жағдайы бойынша кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің ұғындырмасы

  • Материалдық емес активтерінің ұғындырмасы;
  • Аяқталмаған құрылыстың ұғындырмасы;
  • НҚ және басқа да ұзақ мерзімді активтерінің ұғындырмасы;
  • Ұзақ мерзімді дебиторлық берешегінің ұғындырмасы (атауы, пайда болған күні, келісімдер мен шарттар бойынша өтеу күні, егер дебиторлық берешекті өндіріп алу бойынша сот істері бар болса – соттардың шешімдері).

Бағалау жүргізілетін күнгі жағдайы бойынша кәсіпорынның ағымдық активтерінің ұғындырмасы

  • ТМҚ ұғындырмасы (толық, сақтау мерзімдері көрсетілген);
  • Дебиторлық берешектің ұғындырмасы (атауы, пайда болған күні, келісімдер мен шарттар бойынша алу күні, дебиторлық берешек бойынша сот істері бар ма);

 

Бағалау жүргізілетін күнгі жағдайы бойынша кәсіпорынның пассивтерінің ұғындырмасы

  • Несиелік берешегінің ұғындырмасы – соның ішінде салықтарды және басқа да несиелік берешекті қоса алғанда, және т.б.

 

Қосымша ақпарат

  • Жұмыстың қорытындысы бойынша (5 жыл) шығынның элементтері бойынша өнімнің өзіндік құнының ұғындырмасы (әкімшілік шығын, еңбек ақысы, материалдар, коммуналдық шығын және т.б.);
  • Келесі 5 жылға арналған индикативтік даму жоспары (бизнес-жоспар);
  • Лицензиялардың әрекет мерзімінің аяғына дейінгі қаржы-экономикалық даму моделі (мұнай-газ өндіруші компаниялар үшін);
  • Көрсетілетін қызметтердің тізбесі, олардың 5 жыл үшін заттай және ақшалай түрдегі құны және нақты көлемі көрсетілуге тиіс;
  • Негізгі тауарларды/ қызметтерді тұтынушылар / тапсырыскерлер, бағалау жүргізілетін күндегі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді бағалау туралы шарттар көрсетілуге тиіс;
  • Кәсіпорын қызметінің нарығының қысқаша сипаттамасы (бәсекелестері, қызметтерінің көлемдері, даму келешегі);
  • Өндірістік қуаттылық жүктемесінің пайызы.

 

Техникалық және технологиялық талдау

  • Негізгі құралдарының тізбесі (шоттар бойынша бөліп дәл сәйкестендіру, бастапқы құны, тозуы, қалдық құны);
  • Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтың Түгендеме ісі (Техникалық төлқұжат). Аумақтық жоспардағы барлық жылжымайтын мүлік объектілерін көрсету және әр жылжымайтын мүлік объектісінің негізгі сипаттамаларын ұсыну керек (1-қосымша);
  • Желістердің бар болуы (электрмен қамтамасыз ету, телекоммуникациялар, құбырлар, келетін жолдар (т/ж және автомобиль жолдары)) (2-қосымша);
  • Өндірістік жабдықтың құрылымы (3-қосымша);
  • Автокөлік құралдары мен арнайы техниканың құрылымы, төлқұжат деректерін көрсету керек (4-қосымша);
  • Офистік техника (5-қосымша);
  • Басқа да мүлік (6-қосымша).
  • Инвестициялардың ұғындырмасы (еншілес кәсіпорындары бойынша 7-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесін ұсыну қажет);

Бүкіл құжаттама кәсіпорынның мөрімен куәландырылуға және оған жауапты тұлғаның қолы қойылуға тиіс. Барлық тізбелер мен ұғындырмалар электрондық түрде Word,  Excel пішінінде қосымша ұсынылуға тиіс.