«Риал Истейт» ЖШС жылжитын мүліктің нарықтық, инвестициялық және өзге де құнын бағалауды жүзеге асырады.

«Риалистейт» ЖШС-інде машиналардың, жабдықтың, көлік құралдарының алуан түрлерін — отанымызда және шетелдерде жасалған автокөліктен бастап, ұшақтарға және кемелерге дейін бағалаудың зор практикалық тәжірибесі жинақталған.

 Телефон арқылы қоңырау шалыңыз, сұрау салуыңызды электрондық пошта немесе факс бойынша жіберіңіз. 
1. Алдыңызда тұрған міндеттің мәнісін баяндаңыз да, бағалаушының сізге ыңғайлы болатын келу уақыты туралы келісіңіз.
2. Бағалаушының келетін уақытына қажетті ақпаратты дайындаңыз (бағалау қызметтерінің құнын және орындау мерзімін болжамды есептеу үшін бұл ақпаратты біздің электрондық мекенжайымызға алдын ала салып жіберсеңіз болады), төмендегі «Тізбені» қараңыз.
3. Бағалау объектісі туралы толық ақпарат қызмет көрсету туралы шартқа қол қою және біздің қызметтеріміздің түпкілікті құнын айқындау кезінде қажет етіледі.

Жұмыстарды орындау тәртібі: шарт жасасу, бағалау объектісін зерттеу үшін бағалаушылардың жолға шығуы, бағалау жұмыстарын орындау, есепті ресімдеу, бағалау туралы есепті тапсырыскерге табыстау. Шартты орындау барысында қосымша келісімдер жасасу арқылы бағаланатын мүліктің тізімі толықтырылуы мүмкін.

Жабдықты бағалау үшін құжаттар мен ақпараттың қысқаша тізбесі: жабдықтың, көліктің, арнайы техниканың және т.с. әр бірлігіне техникалық төлқұжат (толық тізбе тапсырыскерге оның сұрау салуы  бойыша электрондық поштамен жіберіледі):