«Риал Истейт» ЖШС әр түрлі тұрпатты жылжымайтын мүлік объектілерінің нарықтық, инвестициялық және өзге де құнын бағалауды жүзеге асырады: тұрғын (пәтерлер, жеке үйлер), коммерциялық (офистік үй-жайлар, қонақ үй, сауда және қойма алаңдары), өнеркәсіптік (зауыт және фабрика ғимараттары, құрылыстар және табыстау құрылғылары), жер телімдері және т.с. Бағалау мүлікті сату, сатып алу, жалға беру, кепілге салып несие алу, сақтандыру, бөлу, жарғылық капиталға салу және т.б. мақсаттарда жүзеге асырылады.

 

Жылжымайтын мүлік объектісін бағалау кезінде Компанияның бағалаушылары мынадай негізгі талаптарды ұстанады:
1. Жер телімін және онда жасалған жақсартуларды, олармен байланысты мүліктік құқықтарды дұрыс сәйкестендіру, бағалаудың мақсатын және оның нәтижелерінің болжамды пайдаланылуын ескеру, деректерді іздеу және жинау ауқымын айқындау, егер бар боса, кез келген шектеуші жағдайларды айқындау және бағалаудың тиімді күнін белгілеу.
2. Анықталатын құнның түрін анықтау.
3. Егер бар болса, бағалау объектісіне меншік құқықтарына барлық мүмкін заңдық шектеулерді қарастыру.
4. Бағаланатын объектінің құнына онымен байланысты кез келген басқа объектінің, мысалы, жылжитын мүліктің, материалдық емес активтердің немесе зияткерлік меншіктің әсерін айқындау және ескеру.

Телефон арқылы қоңырау шалыңыз, сұрау салуыңызды электрондық пошта немесе факс бойынша жіберіңіз. 
1. Алдыңызда тұрған міндеттің мәнісін баяндаңыз да, бағалаушының сізге ыңғайлы болатын келу уақыты туралы келісіңіз.
2. Бағалаушының келетін уақытына қажетті ақпаратты дайындаңыз (бағалау қызметтерінің құнын және орындау мерзімін болжамды есептеу үшін бұл ақпаратты біздің электрондық мекенжайымызға алдын ала салып жіберсеңіз болады), төмендегі «Тізбені» қараңыз.
3. Бағалау объектісі туралы толық ақпарат қызмет көрсету туралы шартқа қол қою және біздің қызметтеріміздің түпкілікті құнын айқындау кезінде қажет етіледі.
Жұмыстарды орындау тәртібі: шарт жасасу, бағалау объектісін зерттеу үшін бағалаушылардың жолға шығуы, бағалау жұмыстарын орындау, есепті ресімдеу, бағалау туралы есепті тапсырыскерге табыстау. Шартты орындау барысында қосымша келісімдер жасасу арқылы бағаланатын мүліктің тізімі толықтырылуы мүмкін.

Кәсіпорынды мүліктік кешен (бизнес) ретінде бағалау үшін құжаттар мен ақпараттың қысқаша тізбесі (толық тізбе тапсырыскерге оның сұрау салуы  бойыша электрондық поштамен жіберіледі):
1. ҚР ӘМ ТҚК Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығының Техникалық төлқұжаты, ғимараттар мен құрылыстарға үй-жайлардың қабат-қабат бойынша жоспарларымен экспликациясымен бірге.
2. Жер теліміне меншік/пайдалану құқығына акт, жерді жалдау туралы шарт.
3. Құрылыстар мен табыстау құрылғыларына – тізбе тапсырыскерге электрондық түрде немесе факспен жіберіледі.
4. Ғимаратты және жер телімін пайдаланудағы шектеулерге немесе ауыртпалықтарға құжаттар, егер ондайы бар болса.
5. Егер бар болса, мамандандырылған ұйымдар жүргізетін құрылыс конструкцияларын, инженерлік жүйелерді тексеру материалдары.
6. Объектілердің физикалық жағдайы – бағалаушының сұрау салуы бойынша.
7. Баланстық қалдық құн туралы бухгалтерлік анықтама, іске пайдалануға берілген күні, түгендеу нөмірі – заңды тұлғалар үшін.
Бағалау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін бағалаушының бағалау объектісіне кіруге рұқсаты, ғимараттың құндылығын – әрлеудің,  корпустық инженерлік жүйелердің және жабдықтың сапасын анықтау үшін ғана объектіні қарап шығу және фотосуретке түсіруге мүмкіндігі болуы қажет.